“Копенгаген” командасы жас футболшылардан қалай пайда табу керектігін біледі

Даниялық ұжым 2021/22 жылдан бері жас таланттарды сатып мол ақшаға кеңелді.

“Копенгаген” командасы жас футболшылардан қалай пайда табу керектігін біледі

2021/22 жылғы маусымда “Копенгаген” қос шабуылшысын 12 млн-нан сатып жіберді. Йонас Винд - “Вольфсбургке” кетсе, Мохамед Дарами - “Аякске” ауысты. Даниялық команда жастарды кезінде дер кезінде сатты. Неге десеңіздер, қос футболшының құны қазірде 10 млн-ға да жетпейді. “Копенгагеннен” кеткелі Винд пен Дарами өз ойынын таппады.

2022/23 жылғы маусымда арыстандар 20 жастағы сол қаптал қорғаушы Виктор Кристиансенді “Лестерге” 14 млн-ға сатып жіберді. Англиялық командадан кейін ол “Болоньяда” бір маусым ойнап, қайтадан түлкілер ұжымына оралды. Виктор жақын аралықта Чемпионшиптегі 50 матчын өткізеді деп күтілуде. 

2024/25 жылғы маусымда “Копенгаген” Орри Оскарссон есімді 20 жастағы шабуылшыны “Реал Сосьедадқа” 20 млн-ға сатты. Даниялық команда талантты аяқдопшыны Исландияның Гроутта деген қаласынан алдыртты. Оскарссон өзіне төленге ақшаны атап жатқан футболшылардың бірі. Қазірде ол “Реал Сосьедадтың” ажырамас бір бөлігі саналады.

2025/26 жылғы маусымда арыстандар командасы 2006 жылы туылған Виктор Фрольдты “Португа” 20 млн-ға қолын ұстатып жіберді. Ол да жоғары жақта аталған Орри Оскарссон секілді талантымен шетелдік командалар назарына түсті. Осы жылдың наурыз айында Виктор Дания құрамасында дебют жасап, осы күнге дейін 8 матч өткізіп, сонда 1 гол соғып үлгерді. Жасы 20-ға енді толатын Фрольд еурокубок турнирлерінде 30-ға жуық кездесуге қатысты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайрат ФК
Aladop Youtube
×