Бапкер Джейкоб Неструп Чемпиондар Лигасының кезекті матчтына 21 футболшыны қосып отыр.
Бүгін даниялық команда Паркен стадионында “Қайратқа” қарсы Чемпиондар Лигасының 5-тур кездесуін өткізеді. Аталған ойынды қазақстандық фанаттар 22:45-те тамашалай алады.
Ойыншылар тізімі:
Қақпашылар:
Доменик Котарски, Рунар Руннарсон, Оскар Буур;
Қорғаушылар:
Мунаше Гарананга, Габриэль, Юнносуке Суцуки, Пантелис Хацидиакос, Маркос Лопес, Йорам Заге, Биргер Мелинг;
Жартылай қорғаушылар:
Лукас Лерагер, Мадс Мадсен, Доминик Сарапата, Уильям Клем;
Шабуылшылар:
Виктор Клаэссон, Юсуффа Мукоко, Роберт, Мохамед Эльюнусси, Йордан Ларссон, Элиас Ашури, Виктор Дадасон;
Бүгінгі ойынға жарақаттарына байланысты: Родриго Уэскас, Магнус Маттсон, Томас Делейни, Оливер Хойер, Лиам Уэст қатыспайды. Аталған футболшылардың басым бөлігі үшін осы маусым аяқталды.