“Копенхаген” бапкері: “Біз өте мықты қарсыласты жеңдік”

27.11.2025, 12:55

"Копенхаген" 3:2 "Қайрат" матчынан кейін Даниялық ұжымның бас бапкері Якоб Неструп ойын жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Копенхаген” бапкері: “Біз өте мықты қарсыласты жеңдік”

Якоб Неструп TV2 Sport арнасына берген сұхбатында былай деді:

"Бұл — толықтай лайық жеңіс. Алдыңғы турда "Интерге” айтарлықтай қиындық тудырған мықты қарсыласты жеңдік. Ойынның 90 пайызында біз өте жақсы ойнадық, қарқынды болдық, көп мүмкіндік жасадық, қауіпті сәттер туғыздық, қорғаныста да берік болдық. Әрине, матчтың соңын өзіміз қалағандай аяқтай алмадық, бірақ мен назарды басқаға аудардым — біз жақсы ойын көрсеттік, лайықты жеңдік және Чемпиондар лигасында алғашқы жеңісімізді тіркедік. Бұл біз үшін өте маңызды еді.” – деді маман.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×