“Копенхаген” бас бапкері: “Қайрат” өте мықты команда”

26.11.2025, 13:20

Даниялық ұжымның бас бапкері Якоб Неструп матч алдында "Қайрат" жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды, Aladop.kz.

“Копенхаген” бас бапкері: “Қайрат” өте мықты команда”
Jacob Neestrup

Даниялық маман Қазақстандық қарсыласына құрметпен қарайтынын айтты.

"Олар өте мықты команда. Физикалық тұрғыдан қуатты, агрессиясы жоғары ойнайды. Алдыңғы шепте өте талантты ойыншылары бар, әсіресе Сәтпаев – ерекше жас шабуылшы, оны ойын үстінде көруге асықпын.

Бұрын да айтқанмын, Чемпиондар лигасына ұзақ іріктеу жолымен келген командаларға үлкен құрметпен қараймын. Оның үстіне олар плей-оффта "Селтикті" жарыстан шығарды. Сондықтан олар жақсы команда. Бірақ біз де алғашқы жеңісімізді алуға барымызды саламыз." – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×