“Копенхаген” – “Қайрат” матчы Чемпиондар лигасында ең аз жанкүйер жинаған ойындардың бірі болды

30.11.2025, 16:05

Чемпиондар лигасының бесінші турындағы матчтарға жиналған көрермендер саны белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

 

 

“Копенхаген” – “Қайрат” матчы Чемпиондар лигасында ең аз жанкүйер жинаған ойындардың бірі болды

"Копенхаген" – "Қайрат" кездесуі көрермен саны бойынша турдағы ең төмен көрсеткіштердің бірін көрсетті.

"Паркен" стадионына бұл ойынға 30 231 жанкүйер жиналды. Бұл — турдағы 18 матчтың ішінде төменнен төртінші көрсеткіш.

Турдың көшбасшысы — "Боруссия Дортмунд" пен "Вильярреал” арасындағы кездесу. Сигнал Идуна Парк бұл матчта 81 365 көрерменді қабылдап, тур бойынша ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Ең аз жанкүйер жинаған ойындар тізімі төмендегідей:

  • "Копенгаген" – "Қайрат" — 30 231  
  • "Славия" – "Атлетик" — 19 169
  • "Пафос" – "Монакo" — 8 347
  • "Будё-Глимт" – "Ювентус” — 7 824

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×