“Копенхаген” - “Қайрат” матчының ең нашар ойыншылары белгілі болды

27.11.2025, 19:45

Чемпиондар лигасының матчында нашар ойынымен көзге түскен ойыншылардың есімдері жарияланды, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Копенхаген” - “Қайрат” матчының ең нашар ойыншылары белгілі болды

Ресейлік спорт басылымы Евро-Футбол.Ру қорытындысы бойынша олар Александр Мрынский, Еркін Тапалов, Дамир Қасабулат және Дан Глейзер.

  • Александр Мрынский (баға: 3,0) – "Копенхагеннің” сол қанаттағы шабуылын бақылауда ұстай алмады.
  • Еркін Тапалов (баға: 3,0) – Жеке дуэльдің бәрін жеңіліспен аяқтады, сары қағаз алды.
  • Дамир Қасабулат (баға: 3,0) – Қателігі үшінші голдың соғылуына әкелді.
  • Дан Глейзер (баға: 3,0) –  Бірнеше рет позициясын тастап кетті.

Басылым “Қайраттың” орта алаңы тым әлсіз болды және қарсыластар бұл аймақты тиімді пайдаланды деп жазды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×