Ескендір Қыбырай мансабында оңтүстік командасында жалғайтын болды.
Өткен маусымда “Атырау” жейдесінде өнер көрсеткен вингер Нұрдәулет Орынбасар, жартылай қорғаушы Нұрдәулет Байбосынов, қақпашы Әлішер Сүлеймен және қаптал қорғаушы Ескендір Қыбырай “Тараз” ФК жиынында жаттығып жүр. Жоғары да айтылған қос Нұрдәулет жалға беру мерзімі аяқталған соң, клуб түлегі ретінде қайтып оралды. Ал Ескендір мен Әлішер Руслан Эсатов командасында қаралымда.
Биылғы маусымда Премьерден үміті бар команда дайындығын “Тараз Арена” спорт кешені аймағындағы жасыл алаңда пысықтауда. Команда 8-25 қаңтар аралығында жаңа бапкер Руслан Эсатов баптауымен маусымға құрам нақты құрам жасақтайды.
Жалпы “Тараз” ФК келісімге келеді деп күтілген Ескендір өз мансабында “Қайрат 2”, “Жетісу”, “Шахтер”, “Ақтөбе” командаларында доп тепкен. Transfermarkt порталы Қазақстан Кубогы иегерін 150 мың еуроға бағалайды.