"Лилль" ойыншысы Әлем чемпионаты іріктеуі аясында қос сары қағаз алды.
Іріктеудің Солтүстік Македония мен Уэльске қарсы ойындарында ескерту алған футболшы, Қазақстанмен болатын ойыннан шеттетіледі. 34 жастағы қорғаушы Бельгия сапында осы жылы 6 матч өткізіп, 2 гол мен 1 голдық пас берді.
Жалпы қызыл сойқандар жейдесінде 2013 жылдан бері өнер көрсетіп, барлық турнирлерде 75 матч өткізген Тома өз елінің ардагер футболшыларының бірі саналады.
Айтпақшы, Тома Меньеден бөлек, ертеңгі кездесуде қарсылас сапынан бапкер Руди Гарсияда дисквалификация алды. Оның орнына команданы ойынға жаттықтырушының көмекшісі Клод Фишо дайындап жатыр.
Еске салсақ, Қазақстан - Бельгия кездесуі ертең сағат 19:00-де “Астана Арена” стадионында басталады. J-тобындағы көшбасшы орнын сақтап қалу үшін қызыл сойқандарға ертең тек қана жеңіс керек.