Қорғаушы Виктор Мелехин “Динамо” Мәскеу сапына қосылады деп күтілуде

21 жастағы ойыншы қазірде “Ростов” командасында өнер көрсетіп жатыр.

Қорғаушы Виктор Мелехин “Динамо” Мәскеу сапына қосылады деп күтілуде

Ресей футболының болашақ жұлдызы деп қарастырылып отырған Виктордың өзін бапкер Валерий Карпин “Динамоға” шақыртуда екен. Одан тағысы, Мәскеу командасы дәл сол "Ростовтан" тағы бір қорғаушы Илья Ваханияны қатарына қосады деген ақпарат бар.

21 жастағы Викторға келсек, осы маусымда тамаша өнер көрсетті. Соның нәтижесінде өз мансабында алғаш рет Ресей ұлттық құрамасына шақыртылды. Мелехин орталық қорғаныстан бөлек, тіреуіш жартылай қорғаушы амплуасында да өнер көрсете береді. Аталған футболшы жиі жарақат алып жүрген отандасымыз Бақтиер Зайнутдиновтың орнын басады деп күтілуде. Батека Валерий Карпиннің сүйікті ойыншысы болғанымен, келесі маусымға қарай клубтан кетуі әбден мүмкін.

Ал Мелехинді қатарына қосу арқылы “Динамо” болашақта, жас таланттан жақсы ақша жасап қалуына жол ашады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×