«Лозанна» бас бапкері Петер Зайдлер КЛ 3-іріктеу кезеңінің бірінші матчында «Астанаға» қарсы өткен ойынды қортындылап, қарсылас туралы ойын ортаға салды.
Кеше алаң иелері «Астанадан» 3:1 есебімен басым түскен болатын.
«Астананың» «Скопьеден» әлдеқайда мықты екенін білдік және соған көзіміз жетті. Алайда, қарсыластың алаңына бүгінгі нәтижемізді қорғап қалу үшін бармаймыз. Бұл мүлде дұрыс емес болатын еді. Біз жауапты ойында жай қорғанып қана қоймай, шабуылдап, өз ойынымызды ойнауға ниеттіміз. «Астана» техникалық тұрғыда шебер команда және олардың бүгінгі матчқа шығарған негізгі құрамына қарап сәл таңқалдым. Келесі бейсенбідегі негізгі құрамында мүлде басқа футболшылар болады деп ойлаймын. Оның үстіне, жасанды төсеніште өнер көрсетеміз, бұл деген жақсы. Мұндай жағдайда ешбір командада айқын басымдық болмайды», - деді неміс маманы.
Командалар арасындағы жауапты кездесу 14-тамызда Астанада болады.