“Реал Мадрид” командасының кезінде Эстеваоны сатып алуға мүмкіндігі болған. Бірақ скауттердің кеңесімен Мадрид ұжымы Эндрикті қатарға қосты.
Осы бір шешімі үшін команда бармағын шайнап қалды. Әлем жұлдызы атанады деген Эндрик бас бапкер Хаби Алонсомен сөзге келді. Соның кесірінен жас ойыншы қосалқы құрамда қолы байланулы күйінде қалды. Ал Эстевао болса, “Челсидің” ойындарында гол соғып, нәтиже көрсетуде.
Қазірде “Реал” сол уақытта Эстеваоны емес Эндрикті кеңес берген скауттерін қызметтерінен босатыпты. Корольдік клуб “Палмейрастан” келген аяқдопшыны ең сәтсіз трансфер тізіміне қосып отыр.
19 жастағы шабуылшы қаңтар айында “Лионға” жалға кететін болады. Футболшыға француздық клубта алатын жалақысын “Реалдың” өзі төлеп тұрмақ.