Көршілес елде киіз үйге ұқсас стилде стадион салынбақ

19.03.2024, 11:57

Бішкекте 45 мың адамдық жаңа стадион бой көтереді, деп жазады Аладоп.кз. 

Көршілес елде киіз үйге ұқсас стилде стадион салынбақ

Стадионның жалпы жобасын президенттің істерін атқарушы Қаныбек Тұманбаев өзінің фейсбук желісіндегі парақшасына жариялады. 

Спорттық ғимараттың құрылысына шетелдік компаниялар жауап бермек. Барлық заманауи стандартқа сәйкес, стадион киіз үйге ұқсастырылып салынбақ. 

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров стадионның жұмыстарын елдің ҰҚК жіті бақылауына тапсырды.

Айыр қалпақты ағайынның қолданыстағы сыйымдылығы жоғары стадион ретінде "Алға" клубының "Долон Өмірзақов" атындағы спорттық нысанын айтсақ болады. Аталмыш нысан 23 мың адамды құшағына сыйдыра алады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 20
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×