“Корвинул” “Астанаға” қарсы жеңілісті ойыннан кейін өз ойыншысымен қоштасты

09.08.2024, 23:26

Румыниялық “Корвинул” команда капитаны Мариус Киндришпен арадағы келісімшартты үзгенін хабарлады, деп жазады Sports.kz. 

“Корвинул” “Астанаға” қарсы жеңілісті ойыннан кейін өз ойыншысымен қоштасты

“Біздің команда мен Маруис Киндриш қос тарап келісімі бойынша байланысты үздік. Жартылай қорғаушы “Корвинулда” екі жыл өнер көрсетті. 33 жастағы ойыншы өткен маусымда біздің ұжым үшін 26 матч өткізіп, 2 гол соқты. Мариус сол сәттегі клубтың маңызды мүшесі болды. Осы маусымда Киндриш команданы капитандық таңбамен алаңға бастап шығып жүрді. Алдағы уақытта оған сәттілік тілейміз!” - деп жазылған команда баспасөз-қызметінің мәлімдемесінде.

Киндриш кәсіби футболға келгелі Румыния командаларында өнер көрсетіп келеді. Ішкі турнирлердің барлығын қосқанда, Мариус барлығы 220 ойын өткізіп, 6 гол мен 1 голдық пас берген. 

Еске салсақ, “Корвинул” Конференция Лигасының 3 іріктеуі кезеңі аясында өз алаңында өткізген “Астанаға” қарсы кездесуінде 1:2 есебімен жеңіліс тапты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×