“Корвинул” футболшысы “Астанамен” болған ойын жайында пікірін білдірді

09.08.2024, 16:45

Коференция Лигасының “Астанаға” қарсы кездесуінде гол соққан қорғаушы Антонио Манолаке өз командасының ары қарай жолдама алуына мүмкіндік жоқ емес дейді.

“Корвинул” футболшысы “Астанамен” болған ойын жайында пікірін білдірді

Румынияда өткен кешегі кездесуі 1:2 есебімен Бабаян шәкірттерінің пайдасына шешілген болатын. Еурокубокте тәжірибесі мол команда Усман Камара мен Джеффри Чинеду соққан голдар арқасында сырт алаңда қарсыласынан басым түсті.

“Екінші таймда не болғанын түсінбей қалдым. Үзілісте біз тау қопарардай көңіл-күйде болған едік. Мен не үшін біздің ойынымыздан түк шықпағанына таңғаламын. Екінші таймда жасаған шабуылдарымыздан нәтиже шығара алмағанымызға қапалымын. Біздің екінші ойында мүмкіндік болады. Соны пайдалану керек. “Астана” құрамында 12 легионер доп теуіп жүр. Біз матч басталысымен соңына дейін кездесудің жақсы өтуіне барын салуымыз керек”. 

Қос команда арасындағы қарымта ойын 14 тамыз күні Алматыда өтеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×