Қос аутсайдер арасында жеңімпаз анықталмады

Абат Айымбетов ойнайтын “Петролул” командасы Суперлигадағы кезекті кездесуін өткізді.

Қос аутсайдер арасында жеңімпаз анықталмады

Бұл жолы румыниялық ұжымның жолы турнир кестесінде бірдей нәтиже көрсетіп келе жатқан “Меркуря-Чукпен” түйісті. Суперлиганың 29-турындағы кездесу 90 минут қорытындысы бойынша 1:1 есебімен тең аяқталды. Айта кетейік, Петролулдың негізгі және үздік қорғаушыларының бірі Рикардиньо сары қағаздарының көптігіне байланысты келесі кездесуден шет қалатын болды. 

Отандасымыз Абат Айымбетов аталған матчты қосалқы құрамда бастап, ойынның 83 минутында шабуылда мардымсыз әрекет қылған Ади Чика Росаны алмастырды. Румыниялық кездесу барысында талай мүмкіндігін босқа жіберсе де, бапкер Евген Негоэ қазақстандықты соңына дейін шығармай тұрды. 

Еске салсақ, Қазақстан ұлттық құрамасының экс-шабуылшысы Румыния чемпионатына 2026 жылдың ақпан айында ауысып барды. Трансфер құжаттарының рәсімделуіне байланысты Абат “Аргеш” және ЧФР “Клужға” қарсы ойындардан шет қалды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×