Қос жартылай қорғаушы «Қызыл-Жардан» кетті

18.12.2025, 10:20

Бізге келіп жеткен инсайд бойынша, «Қызыл-Жардың» қос ойыншысы жартылай қорғаушылар Андрей Ульшин мен Әрсен Буранчиев командадан кетті.

Қос жартылай қорғаушы «Қызыл-Жардан» кетті
Әрсен Буранчиев

Қос футболшы да дәл қазір еркін агент және ұсыныстарға ашық.

Андрей Ульшин өткен маусымда петропавлдық клуб сапында ҚПЛ-де 14 ойында өнер көрсетіп, 1 гол мен 1 ассисттің авторы атанды. 25 жастағы жартылай қорғаушы «Қайраттың» түлегі саналады және «Қызыл-Жарға» дейін негізінен алматылық клубтың түрлі жастағы командаларының намысын қорғап келген. Футболшы мен петропавлдық клубтың келісімшарты осы айда аяқталады. Клуб футболшымен арадағы еңбек шартын созуға ниет білдірмеген ұқсайды. Андрей Ульшиннің нарықтық бағасы 150 мың еуро.

Әрсен Буранчиев те «Қайрат» түлегі, өткен маусымды Петропавлда өткізді. 24 жастағы жартылай қорғаушы «Қызыл-Жар» жейдесінде өткен ҚПЛ-дің 19 кездесуіне қатысты. Нарықтық бағасы 175 мың еуро. Футболшы мен петропавлдық ұжым арасындағы келісімшарт осы айда аяқталды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×