Қостанай клубы қарыздарынан құтылды

Бүгін, 08:53

ФИФА клубқа қойған трансферлік тыйымды ресми түрде алып тастады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қостанай клубы қарыздарынан құтылды

Енді команда жаңа ойыншыларды еш кедергісіз тіркеуге мүмкіндік алды.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың соңында қаржылық берешектеріне байланысты "Тобылға" ФИФА тарапынан мерзімсіз трансферлік шектеу қойылған болатын. Алайда клуб басшылығына бұл түйткілді шешу үшін бар болғаны екі аптадан астам уақыт қажет болды.

15 қаңтардағы жағдай бойынша, ФИФА-ның арнайы тізімінде "Тобылдың" есімі енді жоқ.

Трансферлік терезеде клуб жаңа футболшыларды еш қиындықсыз сапқа қоса алады.

Бұл шешімнің команда үшін маңызы өте зор. Қаржылық міндеттемелердің орындалуы клубтың Еурокубоктарға қатысуына жол ашады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×