Қостанайлық футболшы Ирландияда жыл үздігі атанды

Бүгін, 21:34

Ирландияның әуесқойлар чемпионатында өнер көрсететін "Каслбар" клубының қақпашысы, 22 жастағы Стефан Хестер маусым қорытындысы бойынша үздіктер қатарына енді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қостанайлық футболшы Ирландияда жыл үздігі атанды

Қостанай облысының тумасы Ирландиялық біріншіліктің символикалық құрамасына кіріп, "Жыл қақпашысы” атағын иеленді.

ASnews.kz мәліметінше, өткен маусым Стефан үшін өте сәтті болды. Ол "Каслбар" сапында бір маусымда үш бірдей титулды жеңіп алып, требл жасады. Оның қоржынында келесі жүлделер бар:

– Мейо аймағының чемпионы 

– Мейо кубогы

– Коннахт кубогы

Стефан алты айлық кезінде Ирландия азаматтарының асырауына алынған. Туған кездегі есімі — Андрей Шакин. Статистикалық деректерге сүйенсек, Ирландия — Қазақстаннан бала асырап алу көрсеткіші бойынша Еуропа елдерінің ішінде көш бастап тұрған мемлекет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×