Қостанайлық клуб Чесноковтың орнын басатын ойыншыны тапты

07.12.2025, 15:32

Қазақстан кубогының иегері "Тобыл" құрамын жаңа ойыншымен толықтырды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қостанайлық клуб Чесноковтың орнын басатын ойыншыны тапты

Беларусь құрамасының және "Торпедо-БелАЗ Жодино” командасының шабуылдаушы жартылай қорғаушысы 27 жастағы Павель Седко мансабын Қазақстанда жалғастырмақ. 

“Тобыл” тәжірибелі ойыншының карьерасындағы 7-ші командасы болғалы тұр.

Павель Беларусь лигасының осы маусымында 26 ойынға қатысып, 10 соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Айта кетсек, оған Қазақстанның тағы да бір клубы – Қызылордалық “Қайсар” да қызығушылық танытқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×