Қостанайлық “Тобылдың” тізгінін миллиардер Шухрат Ибрагимов ұстамақ

Бүгін, 12:56

"Тобыл" футбол клубының жаңа құрылтайшысы белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қостанайлық “Тобылдың” тізгінін миллиардер Шухрат Ибрагимов ұстамақ

Қостанайлық ұжымның тағдыры енді еліміздегі ең ықпалды кәсіпкерлердің бірі, Eurasian Resources Group (ERG) директорлар кеңесінің төрағасы әрі бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимовке сеніп тапсырылмақ.

Шухрат Ибрагимов — Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша еліміздегі ең ықпалды 50 бизнесменнің қатарына кіретін ірі тұлға. Ол ERG негізін қалаушылардың бірі, марқұм миллиардер Алиджан Ибрагимовтің ұлы. Ибрагимовтер әулеті бүгінде Қазақстанның ең дәулетті адамдарының тізімінде 7-орында тұр.

Шухрат Ибрагимовтің негізгі активтері мен қызметтері:

– ERG басшысы: 2024–2025 жылдардан бастап топтың стратегиялық басқару тізгінін қолға алды.

– Қаржы секторы: 2026 жылдың басында Евразиялық банк пен Евразия сақтандыру компаниясының ірі қатысушысы мәртебесін алды.

– Ресурстар: "Шубарколь Премиум" көмір өндіру компаниясының жалғыз иесі.

Шухрат Ибрагимов тек бизнеспен шектелмейді. Ол ауыр дертке шалдыққан балаларға көмек көрсететін қайырымдылық қорын басқарады. Сонымен қатар, Лос-Анджелестегі Asian World Film Festival кинофестивалінің ұйымдастырушысы ретінде халықаралық мәдениет кеңістігінде де танымал. 2025 жылы Швейцариялық серіктестермен құны 100 млн доллар болатын ірі инвестициялық келісімге қол қоюы оның жаһандық деңгейдегі іскерлік беделін тағы бір дәлелдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×