Қостанайлық ұжым Сербиялықтармен тең тарқасты

16.01.2026, 08:15

“Тобыл” Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясындағы алғашқы бақылау матчын өткізді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қостанайлық ұжым Сербиялықтармен тең тарқасты

Жаңа маусымға дайындықты бастаған “Cары-Жасылдар” Сербия жоғарғы лигасының өкілі — “Напредак” командасымен күш сынасты.

Кездесу тартысты өткенімен, қос команда да гол соғатын мүмкіндіктерді пайдалана алмады. Ойын бойы есеп ашылмай, матч 0:0 есебімен тең аяқталды. Бұл ойын жаттықтырушылар штабы үшін футболшылардың қазіргі физикалық дайындығын тексеруге және жаңа тактикалық схемаларды байқап көруге жақсы мүмкіндік болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×