Қостанайлық "Тобыл" қысқы ауысым кезеңіндегі кезекті трансферін сәтті жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Талғар футболының түлегі, 25 жастағы жартылай қорғаушы Дамир Марат “Сары-Жасылдар" сапына өтті. Жақын күндері ол команданың оқу-жаттығу жиындарына келіп қосылады деп күтілуде.
Дамир Марат — Қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс ойыншы. Ол өз уақытында Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасында өнер көрсетіп, халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтаған.
Ойыншының кәсіби жолы Солтүстік Қазақстан облысының "Рузаевка" клубынан бастау алды. Одан кейінгі жылдары ол еліміздің бірнеше танымал ұжымдарында ойнап, шеберлігін шыңдады.
"Алтай”, "Екібастұз", "Ақсу”, "Каспий"
Ал соңғы маусымды Көкшетаудың "Оқжетпес” құрамында өткізді.
Енді ол Қостанай клубының орталық шебінде бәсекелестікті арттырып, команданың жүлделі орындар үшін таласуына септігін тигізбек.