Костов қызметінен кетпек

Бүгін, 09:17

"Ақтөбе" клубының бас бапкері Николай Костов қызметінен босатылуға жақын, деп хабарлайды Aladop.kz.

Костов қызметінен кетпек

Серый CARDINAL телеграм арнасының мәліметінше, Болгариялық маман Николай Костов жақын арада "Ақтөбе” бас бапкері лауазымынан алынады. Оның орнына Костовтан да беделді, тәжірибесі мол жаңа маманның келуі күтіліп отыр.

Команда Костовтың жетекшілігімен маусымды бесінші орынмен аяқтады, бұл клуб басшылығы мен жанкүйерлердің талабына (Еурокубоктарға жолдама алу) сай келмейтіні белгілі.

63 жастағы Николай Костов "Ақтөбе" тізгінін биылғы жылдың тамыз айында ғана ұстаған болатын. Ол тәжірибелі маман ретінде Кипр, Украина, Қазақстан және Болгария клубтарында жұмыс істеп, 2002 жылы Кипрдің "Анортозис" клубымен ел кубогын жеңіп алған.

Қазақстанда бұған дейін Қарағандының "Шахтер" және Ақтаудың "Каспий" клубтарын жаттықтырған болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×