“Челси” ойыншысы өз командасының алдағы 3 кездесуін өткізіп алады.
23 жастағы жартылай қорғаушы өз үйінің есігіне аяқ бәшпайын ұрып, сындырып алыпты. Лондондық команда дәрігерлері Коулдың қатарға қашан оралатыны жайында баяндамады. Алайда Палмер Челсидің “Бернли” (22 қараша), “Барселона” (26 қараша) және “Арсенал” (30 қараша) кездесулерінен шет қалады деген нақты мәліметтер бар.
Соңғы рет 23 жастағы футболшы ақсүйектер сапында қыркүйек айында өнер көрсетті.
Жалпы Палмер Челси үшін осы маусымда 5 матч өткізіп, 2 гол соқты. Аяқ бәшпайын сындырмай тұрып та, Коулдың енді ғана жазылып келе жатқан жарақаты болған.