Ағылшын футболының жас жұлдызы Коул Палмер мен оның сүйіктісі Конни Грейс арасындағы қарым-қатынас үзілді. Әлеуметтік желі қолданушыларының байқауынша, олар Instagram платформасында бір-бірін бақылаудан шығарып тастаған яғни unfollow жасаған.
Мәселенің мәні бойжеткен Конни Грейс футболшыға тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасағанымен, Палмер бұл ұсынысты қабыл алмаған. 22 жастағы шабуылшы неке қазіргі таңда өзі үшін тым ерте шешім екенін айтып, бар назарын футболдағы мансабына аударғысы келетінін жеткізген. Бұл шешім Коннидің көңілінен шықпаған сыңайлы.
Коул мен Конни алғаш рет 17 жасында танысқан. Олар былтыр өткен GQ Men of the Year Awards салтанатына жұп ретінде қатысып, көпшілік алдына алғаш рет ресми түрде шыққан болатын. Сол кезден бастап жұртшылық олардың қарым-қатынасын бақылап, “жұлдызды жұп” деп атай бастады.
Конни Грейс Манчестер қаласында туып-өскен, модельдік саламен айналысатын жас ару. Ол да Палмер секілді өз мансабына шындап кірісіп жүрген сәтте, қарым-қатынасында жаңа кезеңге өтуге дайын болған көрінеді.
Ал Коул Палмердің өзі “Челси” сапында тамаша өнер өткізіп, Англия құрамасына дейін жолдама алған ойыншы. Қазіргі уақытта ол үшін басты мақсат – кәсіби жетістік пен тұрақты форма.