«Коутиньоның шексіз құлдырауы»

13.01.2019, 13:07
«Коутиньоның шексіз құлдырауы»
Бір жыл бұрын «Барселона» клубы «Ливерпульге» Коутиньоның трансферіне 142 млн фунт берді. «Ливерпуль» өзі кеткісі келіп жүрген ойыншыны жіберді және ол үшін үлкен ақша да алды. Каталондықтар тәжірибелі, болашақта Иньестаның орнын баса алатын аяқдопшыны қатарларына қосты. Ал Коутиньо жүлделі жеңістерге мүмкіндігі жоғары клубқа ауысты. Бұл келісімшарт барлық тараптар үшін жақсы көрінген болатын. Бір жылдан кейін жағдай өзгерді - Коутиньо чемпионатта мүмкін минуттардың тек 57% ғана ойнады және қазан айынан бастап лигада гол соға алмады. «El Mundo» бұл жағдайды «Коутиньоның шексіз құлдырауы» деп атады, бірақ бұл тым қатты сөздер секілді. Себебі, бразилиялық алаңда Дембеледен ғана қалып келе жатыр. Сонымен қатар, Филипе Коутиньоның өзіндік қабілеттері орталық алаңға сай келе бермейді. Бразилиялық аяқдопшы бұрынғыдай жоғары деңгейдегі ойыншы болып табылғанымен, шабуылда оның функционалдығы Лионель Мессидікін қайталайды. Ал қорғаныста қай аймақта болмасын ол өз алаңын жауып үлгере алмай жатады. Филипе «Барселонаға» ауысқан алғашқы кездері көрсеткіш басқаша болды. Өткен қыста Каталонияға келгенде, ол бірден өзіне берілген бағаны ақтауға кірісті: маусымның екінші жартысында әртүрлі позициялардағы  13 табысты әрекеттері бразилиялықтың «Барселона» негізгі құрамынан ойып тұрып орын алатынын көрсетті. Коутиньодан әрі қарай дамуды күткенімен, бірақ қазір бәрі өзгерді – қазан айынан бастап Филипе чемпионатта 300 минуттан аз уақыт ойнады, аяқдопшының өзі де бұған риза бола қоймаған шығар. Коутиньоның көрсеткіші өзгергенін «Ливерпульдағы» соңғы жарты жылдық, «Барселонадағы» өткен маусымның екінші кезеңін және осы маусымның бірінші кезеңдерін салыстыру арқылы оңай көруге болады. Осы маусымда Коутиньоның сәтті ассисттері азайғанын, қарсыластар қақпасына оның добы жиі жете бермейтінін және оңтайлы сәттерді тиімді пайдалана алмай жүргенін байқап жүрміз. Соңғы 5 маусымға байланысты Гарвард талдаушылары өзгелерге қарағанда тиімді сәттерді жақсы пайдаланатын  30 аяқдопшының тізімін жасаған болатын. Коутиньо алтыншы орынға жайғасып, Месси мен Дембеледен алға шықты. Яғни, Коутиньо соңғы бес маусымда үздік ойнағанымен, қазіргі уақытта қауіпті сәт туындату деңгейінде ғана ойнап жүр. Клубты өзгерткен кезде мұндай жағдайлар қалыпты, бірақ Коутиньоның «Барселонаға» ауысқанына  бір жыл және ол командаға бірден дерлік бейімделді - неліктен онда қазір бразилиялық қиындықтарға тап болды? Бұл соққының сапасына байланысты емес екені анық. Себебі, алдыңғы маусымдарда ол айып соққысын сирек орындайтын, сондықтан бар гәп ойын стилінде екенін болжауға болады. Бразилиялықтың нашар ойынының бірнеше себептері бар, бірақ оларды түсіну үшін сіз Коутиньоны қазіргі «Барселонада» қалай орналастыруға болатынын және неліктен оған осы команданың қандай да бір рөлі  лайық емес екенін анықтауыңыз керек.

Ырысты ҚАДІРБЕК

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×