ҚПЛ 2-тур: Алматыда ине шаншар жер болмаса, Қызылордада стадион қаңсып бос қалды

Бүгін, 13:06

Қазақстан Премьер лигасының екінші туры жанкүйерлер белсенділігі жағынан рекорд орнатты, деп хабарлайды Aladop.kz.

ҚПЛ 2-тур: Алматыда ине шаншар жер болмаса, Қызылордада стадион қаңсып бос қалды

Kazfootball.kz мәліметінше екінші турдың сегіз матчын барлығы 49 100 көрермен тамашалап, орташа көрсеткіш әр ойынға 6 138 адамды құрады. Бұл бірінші турдағы көрсеткіштен (48 301 адам) асып түсіп, жаңа рекорд орнатты.

Турдың ең шулы әрі көп адам жиналған матчы күткеніміздей "Қайрат" пен "Ақтөбе” арасындағы кездесу болды. Алматының "Орталық” стадионына 22 800 жанкүйер жиналып, нағыз футбол мерекесін сыйлады. Бұл бүкіл турдағы жалпы көрерменнің жартысына жуығы.

Ал турдың ең көңілсіз көрсеткіші Қызылордада тіркелді. "Каспий” мен "Оқжетпес” арасындағы ойынды тамашалауға небәрі 200 адам келген. 

Маусым басталғалы бері Премьер лига матчтарына барлығы 97 401 жанкүйер келген. Ендігі меже — үшінші турда 100 мыңдық көрсеткіштен асып түсу. Орташа есеппен әр матчты 6 088 адам тамашалап жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×