Қазақстан Премьер лигасының 2026 жылғы маусымы жанкүйерлер күтпеген қарқынмен басталды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Чемпионаттың небары тоғыз туры артта қалса да, команда басшыларының шыдамы таусылып, бапкерлерді ауыстыру дәстүрге айналуда. Қазірдің өзінде төрт бірдей маман жұмыссыз қалды.
Биылғы маусымдағы сәтсіздіктер мен нәтиженің жоқтығы келесі бапкерлердің тағдырын шешті:
– "Тобыл” : Қостанайлық клубтың аңызы — Нұрбол Жұмасқалиев өз орнын босатты.
– "Ақтөбе” : Болгариялық маман Николай Костов та “Қызыл-Ақтардың" амбициясын қанағаттандыра алмады.
– "Каспий” : Ақтаулық ұжым Пиралы Әлиевпен қоштасуды жөн көрді.
– "Ертіс” : Павлодарлық клубтың тізгінін ұстаған Кирилл Альшевский де отставкаға кеткендердің қатарында.
Бірақ бұл тізім мұнымен тоқтап қалмайтын сияқты. Қазіргі таңда барлық назар Қызылорданың "Қайсарына" ауып отыр. Клубтың бас бапкері Андрей Ферапонтовтың болашағы алдағы Кубок ойынына тікелей байланысты.
Мәліметтерге сүйенсек, Егер ертең "Қайсар” Қазақстан Кубогынан ұшып кететін болса, Андрей Ферапонтов та қызметінен кетеді.