"Ордабасы" ФК футболшылары
Қазақстан премьер-лигасында келесі маусымда біраз өзгеріс орын алмақ.
Осыған дейін қатысатын команда санының өсіп, 16-ға жетуі мүмкін дейтін ақпараттар тарағанын білесіздер. Сондай-ақ, керісінше командалар санының азайып қалуы да ықтимал дегендей небір алып-қашпа әңгімелердің де жүргені белгілі. Ал бізге анығы - 2026-жылғы маусымда ҚПЛ-де 10 легионер ойнауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, бізге жеткен инсайдтық ақпарат бойынша, алаңда міндетті түрде 21-жасқа дейінгі қазақстандық 1 футболшы өнер көрсетеді. Мұндай заңның осыған дейін де болғанын естеріңізге сала кетеміз.