Қазақстан футболының ардагері, Ұлттық құраманың бұрынғы шабуылшысы Тимур Сисенов биылғы Қазақстан Премьер лигасына қатысты өз болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында маман маусым басында кімдердің мерейі үстем болатынын ашық айтты.
Ардагер футболшының пікірінше, биылғы біріншілікте де бұрынғы таныс фавориттер басты рөлде қала бермек. Сисенов өзі таңдаған төрт клубты атап өтті:
"Аз-кем бақылап көрдім — өзім үшін чемпионат фавориттерін анықтадым, олар — "Ақтөбе", "Қайрат", "Астана” және "Ордабасы". Бірақ, меніңше, әлі ерте қорытынды жасауға болмайды.” — деді Сисенов.