ҚПЛ-2026: Маусым алдындағы ең ауыр шығындар аталды

26.02.2026, 15:10

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы шабуылшысы, белгілі маман Мұрат Сүймағамбетов жаңа маусым қарсаңында ел чемпионатынан кеткен басты жұлдыздарға тоқталып, Қазақстан Премьер лигасы үшін кімдердің орны ойсырап тұрғанын айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.

ҚПЛ-2026: Маусым алдындағы ең ауыр шығындар аталды

Сүймағамбетовтің пікірінше, биылғы чемпионаттың басты жоғалтулары — Ғалымжан Кенжебек пен Ислам Чесноковтың шетел асуы. Бұл екі футболшы да соңғы маусымдарда өзіндік ойын өрнегімен, батыл дриблингімен және жанкүйерлерді сүйсінткен креативті шешімдерімен ерекшеленген еді.

"Қазақстан чемпионаты үшін ең үлкен соққы — Ғалымжан Кенжебек пен Ислам Чесноковтың кетуі болды. Екеуі де — қайталанбас стилі бар, алаңда жарқылдап жүретін ойыншылар. Олардың шығармашылыққа толы ойыны мен тапқырлығы биылғы Премьер лигада жетіспейтіні анық.” — дейді маман Sports.kz порталына берген сұхбатында.

Биылғы футбол маусымының шымылдығы 7-наурызда түріліп, чемпион есімі 1-қарашада белгілі болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×