ҚПЛ 2026: Цифрлар сөйлейді – Ең жас, ең ардагер ойыншылар кім?

Бүгін, 14:47

2026 жылғы Қазақстан Премье лигасы тәжірибелі ардагерлер мен жаңадан бой көтеріп келе жатқан жас таланттардың нағыз бәсекесіне айналмақ, деп хабарлайды Aladop.kz.

ҚПЛ 2026: Цифрлар сөйлейді – Ең жас, ең ардагер ойыншылар кім?
Луйш Нани & Дастан Сәтпаев & Мағзұм Жоламан

Бүгінгі таңда ҚПЛ-да шамамен 390 ойыншы тіркелген. Олардың 264-і Қазақстандықтар болса 126-ы — шетелдік легионерлер. Чемпионаттың орташа жасы 26,6 жасты құрайды, бұл лиганың оңтайлы балансты сақтап тұрғанын көрсетеді. 

Биылғы маусымның ең ардагер футболшысы 39 жасар Луйш Нани болса, ең жас ойыншысы “Каспий” шабуылшысы небәрі 16 жастағы Мағзұм Жоламан. Ал ең қымбат ойыншысы мәртебесіне “Қайраттың” шабуылшысы Дастан Сәтпаев ие, оның трансферлік құны €3,0 млндеп бағаланып отыр.

Лигадағы командалардың кадрлық саясаты әртүрлі бағытта өрбуде. Төменде клубтардағы ең жас және ең егде ойыншылар мен команданың орташа жасы көрсетілген:

“Қайрат” — ең жас ойыншы Дастан Сәтпаев, ең ардагері Александр Мартынович, команданың орташа жасы 24,1.

“Астана” — ең жасы Санжар Ануаров, ең ардагері Марин Томасов, орташа жасы 27,3.

“Тобыл” — ең жасы Аманжол Бақытжанов, ең ардагері Александр Марочкин, орташа жасы 27,5.  

“Ақтөбе” — ең жасы Аян Байдәулетов, ең ардагері Луиш Нани, орташа жасы 29,2.

“Елімай” — ең жасы Асан Байғалиев, ең ардагері Роман Мұртазаев, орташа жасы 26,3.

“Ордабасы” — ең жасы Бағдәулет Нұралы, ең ардагері Сергей Малый, орташа жасы 26,6.

“Қайсар” — ең жасы Темірлан Мұрзағалиев, ең ардагері Абылайхан Төлегенов, орташа жасы 26,5.

“Қызылжар” — ең жасы Глеб Валгушев, ең ардагері Андрей Васильев, орташа жасы 26,6.

“Жеңіс” — ең жасы Тамерлан Абуов, ең ардагері Марат Быстров, орташа жасы 29,2.  

“Жетісу” — ең жасы Ербол Құрманақан, ең ардагері Штефан Сикачи, орташа жасы 28,8.

“Ертіс” — ең жасы Даниил Ефременко, ең ардагері Никита Калмыков, орташа жасы 24,6.

“Оқжетпес” — ең жасы Захар Порох, ең ардагері Тоқтар Жаңғылышбай, орташа жасы 24,8.

“Каспий” — ең жасы Мағзұм Жоламан, ең ардагері Нұрлыбек Аязбаев, орташа жасы 27,4.

“Ұлытау” — ең жасы Ернар Қоспаев, ең ардагері Дмитрий Непогодов, орташа жасы 26,2.  

“Атырау” — ең жасы Юсуф Саидалиев, ең ардагері Руслан Юденков, орташа жасы 28,5.

“Алтай” — ең жасы Юнус Масудов, ең ардагері Сергей Хижниченко, орташа жасы 23,8.

Қызықты статистикалық деректер:

Орташа жас көрсеткіші бойынша ең жас командалар — “Алтай” (23,8), “Қайрат”(24,1) және “Ертіс” (24,6).

Ең егде құрамдар “Ақтөбе” мен “Жеңісте” (екеуі де 29,2). Олардан кейін “Жетісу” (28,8) мен “Атырау” (28,5) тұр.

“Астана” ең интернационалды клуб болып табылады (құрамның 52,6%-ы шетелдіктер). Керісінше, “Алтай” тек жергілікті ойыншылармен өнер көрсетсе, “Каспийде” небәрі бір легионер бар.

ҚПЛ 2026 маусымында екі қарама-қайшы тренд байқалады. Бір тарапта Луиш Нани (39 жас), Дмитрий Непогодов (38 жас) және Марин Томасов (38 жас) секілді шеберлігі шыңдалған майталмандар болса, екінші тарапта Мағзұм Жоламан (16 жас) мен Дастан Сәтпаев (17 жас)бастаған жас буын келе жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×