ҚПЛ аутсайдерлері өздері арасындағы текетіресте ұпай бөлісті

05.05.2024, 21:25

ҚПЛ 7-туры аясында өткен “Шахтер” мен “Қайсар” арасындағы ойында есеп ашылмады (0:0).

ҚПЛ аутсайдерлері өздері арасындағы текетіресте ұпай бөлісті

Қос команда 90 минут бойы бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмай кетті… Осылайша, кеншілер шаһарында өткен аталмыш ойын 0:0 есебімен аяқталды. 

Айта кетейік, “Шахтер” мен “Қайсар” кездесуінде 5 ойыншы тәртіпке бағынбағаны үшін төреші тарапынан ескертумен жазаланды. 

6 ойын қорытындысы бойынша тек бір рет жеңіске жеткен “Қайсар” мен “Шахтер” турнирлік кестенің 12 және 13 орындарын түйіндеп отыр. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×