ҚПЛ бүгінгі жоспарланған кездесулерінің барлығы аяқталды

Назарларыңызға ішкі чемпионаттың бүгінге жоспарланған 17-тур ойындарының нәтижелерін ұсынамыз. 

ҚПЛ бүгінгі жоспарланған кездесулерінің барлығы аяқталды

ҚПЛ, 17-тур

“Жетісу” 0:3 “Тобыл”

Голдар: Кошта 2’, Чесноков 40’ (пен), 51’

Ислам Чесноков осы маусымдағы екінші дублін жасады. Естеріңізде болса, ел құрамасының ойыншысы “Ақтөбеге” қарсы Премьер-лиганың 13-турында қарсылас қақпасына екі гол соққан болатын. 

"Шахтер" 2:3 "Ордабасы" 

Голдар: Яхшибоев 35’, 61’, Джокич 51’, Беседин 58’, Лисакович 77’

Қызыл қағаз: Малый 15’

Дмитрий Лисакович “Шахтердегі” алғашқы голын соқты. Ол кеншілер сапына “Торпедо” Жодинодан ауысып келген еді. 

"Ақтөбе" 1:1 "Қайсар" 

Голдар: Кеңесов 22’, Милойко 60’

Арман Кеңесов өзінің бұрыңғы клубына гол соқты. Еске салсақ, жартылай қорғаушы 2021/22 жылғы маусымды Қызылорда командасында өткізді. Одан кейін Арман “Ақтөбе” сапын толықтырды. 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
×