ҚПЛ-да тағы да бір келісілген матч. ҚФФ тергеу жүргізуі керек пе?

28.09.2025, 11:00

Қазақстан Премьер-лигасының 24-турындағы "Ұлытау" – "Атырау" (1:5) матчы үлкен дауға ұласты. Белгілі спорт журналисі және "Гол емес" Telegram арнасының авторы Ербол Қайров бұл ойынды "келісілген" деп атап, Қазақстан футбол федерациясын тергеу жүргізуге шақырды.

ҚПЛ-да тағы да бір келісілген матч. ҚФФ тергеу жүргізуі керек пе?

Қайровтың айтуынша, матчтың алдында және матч кезінде бірқатар күмәнді жағдайлар орын алған.

"Атырау" басшылығының араласуы:

Журналисттің мәліметінше, клуб өкілі Дидар Сыдықбек "қарсылас команданың ойыншыларымен, бапкерлерімен және төрешілермен алдын ала сөйлеседі" деген қауесет футбол әлемінде бұрыннан бар.

Негізгі қақпашының болмауы:

“Ұлытаудың” негізгі қақпашысы Дмитрий Непогодов 15 матч қатарынан алаңға шыққанымен, дәл осы ойында тіпті матч өтініміне де енбеген.

Матч барысы:

Қайровтың пікірінше, сценарий көзге ұрып тұрды: команда негізгі қақпашысынан айырылған, бірінші таймды алда аяқтайды, бірақ үзілістен кейін қақпашы мен қорғаушылар мүлде қарсылық көрсетпей, қарсыласқа қалағанынша гол соғуға мүмкіндік берген.

Ербол Қайров бұл жағдайды бірінші айналымдағы "Астана" – "Оқжетпес” кездесуіне ұқсастырып, ол матчтан кейін бапкердің жұмыстан кеткенін еске салды. Журналист Дидар Сыдықбекті, “Ұлытау” бас бапкері Нұркен Мазбаевты және осы іске қатысы бар өзге тұлғаларды қазақстандық футболда "қол алыспайтын адамдарға” айналдыруды ұсынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 7
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×