ҚПЛ-де чемпион болған бапкер «Ертісті» жаттықтырмақ

18.12.2025, 10:58

Беларусь бапкері Александр Седнев павлодарлық «Ертісті» тізгіндейді.

ҚПЛ-де чемпион болған бапкер «Ертісті» жаттықтырмақ
Александр Седнев

Бұл туралы «Aman.Vibe» арнасы мәлімдеді.

52 жастағы жаттықтырушы өткен маусымда «Динамо» Брест клубын баптап, Беларусь чемпионатын төртінші орынмен аяқтады. Бапкерлік мансабында сондай-ақ, шымкенттік «Ордабасы» мен «Ақтөбе» болған. Беларсуь маманы шымкенттіктермен Қазақстан премьер-лигасында топ жарған болатын (1922-23 жж). Сонымен қатар, 2021-22 жылғы маусымда Қазақстан Кубогін еншілеген. «Ертіс» 1 Лиганың өткен маусымын 3-орынмен аяқтап, жоғары дивизионға көтерілді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×