Роман Григорчук
«Астанамен» Қазақстан чемпионатын ұтқан украиналық маман Роман Григорчук «Ақтөбені» жаттықтыруы ықтимал.
60 жастағы маман мен «ақ-қызылдарды» байланыстыратын нақты дерек жоқ, алайда, украиналық бапкердің ҚПЛ клубтарының біріне келуі ықтимал деген ақпарат бар. Айта кетейік, осыған дейін Николай Костовтың «Ақтөбеден» кетуі мүмкін деген ақпараттар тараған болатын. Роман Григорчук 2017-18, 2018-2019-жылдардағы маусымда «Астанамен» ҚПЛ-де топ жарды. Латвияда «Вентспилспен» 3 рет чемпион (2005-2008-ж.ж) және Беларусьте «Шахтер» Солигорск клубымен 2 рет чемпион атанды (2019-2021ж.ж).