ҚПЛ-дің бұрынғы ойыншылары Ресейде ойран салды

Бүгін, 09:55

"Астананың" бұрынғы футболшылары Назми Грипши мен Джеффри Чинеду Ресей Премьер лигасының 20-турында жаңа клубтары сапында өте сәтті ойын көрсетті, деп хабарлайды Aladop.kz.

ҚПЛ-дің бұрынғы ойыншылары Ресейде ойран салды

Қысқы трансфер кезеңінде "Астанадан” кеткен екі ойыншы да бірден өз командаларының нәтижесіне тікелей әсер етті. Грипши "Рубинге", ал Чинеду "Крылья Советовқа” ауысқан болатын.

Казанның "Рубині” 20-турда көш бастап тұрған "Краснодарды" 2:1 есебімен жеңді. Осы кездесуде Назми Грипши 24-минутта есеп ашып, командасын алға шығарды. Кейін "Рубин” тағы бір гол соғып, матч соңында ғана бір доп жіберіп алды. 

Ал Самараның "Крылья Советов” командасында өнер көрсететін Джеффри Чинеду тіпті одан да керемет ойын өрнегін көрсетті. Ол Махачкаланың "Динамосына" қарсы матчта 9 және 25-минуттарда екі гол соғып, командасына 2:0 есебімен жеңіс сыйлады. Осылайша Чинеду матчтың басты қаһарманына айналды. 

Матч үздіктері атанған қос ойыншы да елордалық клуб сапында 2024-2026 жылдар аралығында доп тепті. Назми Грипши "Астана" құрамында 53 матч өткізіп, 25 гол соқты және 11 ассист жасап, 1 трофей жеңіп алды — Қазақстан Лига кубогы. Ал Джеффри Чинеду 54 матч өткізіп, 27 гол соқты және 4 ассист авторы атанды. Ол да клубпен бірге Қазақстан Лига кубогы басынан асырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×