ҚПЛ-дің орталық матчтары кейінге шегерілмек

Бүгін, 14:54

Қазақстан Премьер лигасының күнтізбесіне айтарлықтай өзгерістер енгізілуі ықтимал, деп хабарлайды Aladop.kz.

ҚПЛ-дің орталық матчтары кейінге шегерілмек

Серый CARDINAL телеграм арнасының хабарлауыншa eлде өтетін республикалық референдумға байланысты екінші және үшінші турдың кейбір маңызды ойындары бірнеше күнге шегерілмек.

Қай матчтардың уақыты өзгереді?

Әзірге ақпарат бойынша, тек екі ірі кездесудің мерзімі қайта қаралуда:

"Қайрат” — "Ақтөбе"

"Ақтөбе" — "Елімай"

Алдын ала болжам бойынша, бұл тартысты ойындарды 16 және 21 наурыз күндеріне ауыстыру жоспарланып отыр.

Жанкүйерлерге кеңес: Билет алуға асықпаңыздар

Бұл жаңалық әсіресе қос команданың жанкүйерлері үшін өте маңызды. Ойынның өтетін орны мен уақыты әлі ресми түрде бекітілмегендіктен, маусымның ашылуына басқа қалаларға баруды жоспарлап отырғандарға сақ болу ескертіледі:

"Ақтөбе мен Семей қалаларының тұрғындары Алматы мен Түркістанға жол жүру билеттерін сатып алмас бұрын, нақты бекітілген күндері көрсетілген ресми ақпаратты күткендері жөн." — делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×