Өзбекстандық шабуылшы Игорь Сергеев "Персеполис" клубымен келісім шартқа отырды.
Жаңа командасында 32 жастағы тәжірибелі шабуылшы жарты жыл ойнап, 1,5 млн доллар табыс табатын болады. Бұған дейін өз мансабында 6 командада ойнаса да, Игорь бұндай қаражатқа қол жеткізбеген. Бүгінде ол “Персеполистің” медициналық тексерісінен сәтті өтіп, командамен Катарға аттанды.
Бұл өзбек футболшысы біздің елдің жанкүйерлері үшін тансық емес. Неге десеңіздер, 2020/21 және 2021/22 жылғы маусымдарда Сергеев “Тобыл” мен “Ақтөбе” жейдесін киді. Шабуылшы ҚПЛ жалпы алғанда 63 матчқа қатысып, 24 гол мен 5 голдық пас берді.
Өткен маусымда Игорь “Пахтакор” сапында ішкі Суперлигада 29 матчқа қатысып, сонда 20 гол соғып, чемпионаттың үздік сұрмергені атанды.