ҚПЛ экс-футболшылары Беларусь чемпионы сапын толықтыруы мүмкін

ML Vitebsk кезінде “Астана” мен “Ордабасыда” ойнаған легионерлерге ұсыныс жасамақшы.

ҚПЛ экс-футболшылары Беларусь чемпионы сапын толықтыруы мүмкін

Премьердегі алғашқы маусымында чемпион болған ұжым Витебск командасы назарына шабуылшы Дембо Дарбо мен Жасурбек Яхшибоев түскен екен. Мәселен, 27 жастағы гамбиялық 6 қазан күні Ливиялық “Аль-Ахлиден” кетіп, содан бері командасыз жүрді. Ал өзбек Жасурбек болса, 1 шілде күні Ирандық “Нассаджиден” кетіп, еркін агент статусына қол жеткізді. Аталған қос ойыншы Беларусия чемпионатының 2020 және 2021 жылғы үздік сұрмергендері атанған.

Дембо Қазақстан чемпионатында “Астана” және “Ордабасы” клубтарында өнер көрсеткен. Ол екі команданы қоса есептегенде, Премьерде 29 матч өткізіп, 8 гол мен 2 голдық пас берді. Яхшибоевте Дарбо секілді бір маусым “Ордабасы” да ойнап кетті. Ол ішкі чемпионатта 17 матч өткізіп, 9 гол мен 3 голдық пас берді. 

Одан тағысы, МЛ клубы жартылай қорғаушы Френсис Нар мен Жан Поға да бөлек ұсыныспен шығуға дайын екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×