"Атырау" және "Тұран" клубтарының бұрыңғы бапкері Қостанайға аттануға жақын, деп хабарлайды Aladop.kz.
Белгілі спорт комментаторы Ермұхамед Мәуленнің хабарлауынша, егер клубтың қазіргі бас бапкері қызметінен кететін болса, бос орынға басты кандидаттардың бірі ретінде 41 жастағы Белорусьтік маман Виталий Жуковский қарастырылып жатыр.
Жуковский Қазақстандық футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс.
"Атырау” : Маман бұл ұжымды екі мәрте басқарды. Соңғы рет 2026 жылдың ақпанында тараптар келісімшартты ұзартқанына қарамастан, өзара келісім бойынша қоштасқан болатын.
"Тұран” : 2025 жылдың басында Жуковский Түркістан ұжымында қызмет етті, алайда сол жылдың жазында қайтадан "Атырауға” оралды.
Виталий Жуковский өз отанында нәтиже шығара білетін бапкер ретінде танымал.
"Ислочь” (2010–2020) : Бұл клубта ол тұтас бір дәуірді қалыптастырды. Команданы әуесқой деңгейден Белорусь Жоғарғы лигасына дейін жеткізіп, клубтың нағыз символына айналды.
"БАТЭ" (2020–2021) : Елдегі ең даңқты клубтың тізгінін ұстап, 2020/21 жылғы маусымда Белорусь Кубогын иеленді және чемпионаттың күміс жүлдегері атанды.
Виталий Жуковский — қазақ футболын жақсы білетін, маман. Егер "Тобыл" басшылығы таңдауын осы бапкерге түсірсе, бұл Қостанай клубы үшін жаңа амбициялар мен жаңа бағыттың бастауы болуы әбден мүмкін. Әзірге клуб тарапынан ресми мәлімдеме жасалмаса да, Жуковскийдің кандидатурасы футбол сүйер қауым арасында қызу талқылануда.