ҚПЛ инспекторы «Ордабасы» - «Атырау» кездесуі жайлы: бұл біздің футболға жағылған қара дақ

Бүгін, 15:12

Премьер-лига матчтарында төрелік, инспекторлық еткен отандық маман Серік Қошқаров 4-турдағы «Ордабасы» - «Атырау» кездесуіндегі төрешілік қызметіне баға беріп, ойын ортаға салды.

ҚПЛ инспекторы «Ордабасы» - «Атырау» кездесуі жайлы: бұл біздің футболға жағылған қара дақ

«Бұл - төрешілерді тағайындауға жауаптылардың жіберген қателігі. Бір төрешіге бірнеше кездесуді беріп жатыр. Қателеспесем, бұл Санжар Ысқақовтың 3-ші немесе 4-ші матчы. 4 турда осыншама рет жұмыс істеу деген сұмдық қой. Бұл не бассыздық? Басқа ешкім жоқ па? Арбитрлер бір матчтан кейін тынығып, демалуы тиіс. Футболдан, қысымнан демалып алуы керек. Төреші тағайындалған ойынының қадірін біліп, психологиялық, эмоцияналдық тұрғыда әзірленуі қажет. «Ордабасы» - «Атырау», онда қаншама жанкүйер болады. Қысым қандай?.. Ал енді соған адам ең алдымен психологиялық жағынан дайын болуы керек қой. Бір эпизодты 10 минут тексеру... Бұл біздің футболға қара дақ. Бір төрешіге қайта-қайта ойындар беру деген масқара жағдай. Ол шаршамай ма?! Одан кейін ҚФФ-дан осындай «сенім» артылған соң аздап «жұлдыз» ауруына да шалдығып қалуы ғажап емес. «Мықты болмасам, неге маған береді?» деген ой құртады адамды. 15 мың жанкүйер стадионда қысым көрсеткенде, рефери моральдық тұрғыда сынады», - деді С. Қошқаров «Аладоп.кз» сайтының тілшісіне берген сұқбатында.  

Шымкенттегі даулы бәсекеде Санжар Ысқақов бірнеше күмәнді шешім шығарған. Арты жанкүйерлердің үлкен резонансын тудырды. «Ордабасы» мен «Атырау» шулы кездесуде ұпай бөлісті 1:1.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×