«Чемпионат» сайтының мәліметіне сәйкес, грозныйлық клуб «Қайраттың» қақпашысы Вадим Ульяновпен келіссөз жүргізуде.
Қос тарап жақында трансфер жөнінде ортақ келісімге келеді, ал қазір трансферге дейнгі рәсімдерді талқылап жатқан көрінеді.
Вадим Ульянов алматылық клуб сапында 2021 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оған дейін мәскеулік «Строгино» сапында доп тепкен болатын.
«Ахмат» РПЛ-де он бесінші орында келеді. Қазір Ресей чемпионатында наурызға дейін үзіліс. Айта кетейік, грозныйлық команда сапында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Максим Самородов өнер көрсетеді.
Біздің серіктес: FONBET