ҚПЛ қатысушылар санының артуы дұрыс па бұрыс па? Қазақстан құрамасының қақпашысы жауабын айтты

15.12.2025, 10:33

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев премьер-лига командаларының саны мен сапасы, турнирдегі басты мәселе жайында пікірін айтты.

ҚПЛ қатысушылар санының артуы дұрыс па бұрыс па? Қазақстан құрамасының қақпашысы жауабын айтты
Алмат Бекбаев

ҚПЛ-де біраз клуб намысын қорғаған спортшы турнирдегі команда санының өсуінен қазақ футболы ұтады деп отыр.

«Лиганың 16 командаға дейін кеңеюі оңды қадам. Меніңше, болашақта тіпті 20 командаға дейін жеткізуді де қарастыруға болады, Ла Лигадағыдай. Алайда, мұнда бір маңызды дүние бар – инфрақұрылым мәселесі. Мысалы, Ақтау қосылды, онда алаң сапасы өте нашар. Ал «Ертісте» керісінше тәуір алаңы бар. Ақтауда ойнау оңай болмайды, бірақ, команда Премьер-лигада өнер көрсетуге лайық. Оларға жаңа стадион салу керек немесе газонын ауыстыру қажет, себебі қазіргісі сын көтермейді. Ал меніңше, команда саны неғұрлым көбейген сайын, чемпионаттың да көркі қыза түседі», - деді А. Бекбаев «Тотальный футбол» телеграмм-арнасына.

Естеріңізде болса, ҚПЛ-2026-да енді әдеттегіден көбірек – 16 ұжым сынға түседі. Биылғы біріншілікте 1 Лигадан келіген «Каспий», «Ертіс» пен «Алтай» бақ сынамақ. Ал «Тұран» өткен маусымда соңғы орын алып, төмендеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×