Астаналық "Жеңіс" клубының бас бапкері Андрей Демченко Қазақстан Премьер лигасының өзгешелігі мен ел клубтарының ерекшелігі жайында ойын білдірді.
"Қазақстан чемпионатында әртүрлі ойын мәнері бар командалар көп. Әр ұжым өз бапкерінің қолтаңбасын айқын көрсетеді. Мысалы, "Астана”, "Қайрат", "Тобыл", "Ақтөбе", "Ордабасы” — барлығының да өз стилі, өз ойыны бар. Біреуі шабуылға басымдық берсе, екіншісі қорғанысқа сүйенеді. Кейбірі допты қысқа пас арқылы шығарып ойнайды, ал енді бірі ұзын допқа сүйенеді — мұндай тәсіл де нәтиже береді.
Маған Қазақстан футболы осы әртүрлілігімен ұнады. Мұнда барлық команданы бір үлгіге салу мүмкін емес. Әр матчқа жеке дайындалып, жаңа тәсілдер ойлап табуға тура келеді. Бұл – бапкер үшін өте қызық тәжірибе. Өз конспектімнен бұрынғы жазбаларды алып тастап, жаңа ойлар жазуға мәжбүр болдым. Себебі мұндағы футболдың стилі мүлде бөлек." — деді Демченко.