ҚПЛ клубтарының нысанасында Модричтің отандасы – Матео Итрак Қазақстанға келе ме?

19.12.2025, 22:10

Қазақстандық футбол клубтары трансферлік нарықта белсенділік танытып, Грузия чемпионатында көзге түскен легионерлерге қызығушылық білдіруде, деп хабарлайды Aladop.kz.

ҚПЛ клубтарының нысанасында Модричтің отандасы – Матео Итрак Қазақстанға келе ме?

Legalbet.kz таратқан мәліметке сүйенсек, бірнеше отандық ұжым "Торпедо Кутаиси" клубының қорғаушысы Матео Итракты өз қатарларынан көргісі келеді.

25 жастағы Xорват футболшысы Еуропаның бірнеше біріншілігінде бағын сынап үлгерген әмбебап ойыншы. Оның мансабындағы клубтар тізіміне қарап-ақ, Eуропалық футбол мектебінің түрлі тактикалық үлгілерімен таныс екенін аңғаруға болады.

Италияда "Кротоне” сапында доп теуіп, Апеннин түбегінің қорғаныстық футбол стилін меңгерген.

Бельгияда "Франк Борайнс" клубында физикалық тұрғыдан мықты футболда тәжірибе жинақтаған.

Балқан түбегінде Словенияның "Горица” мен "Приморье", Хорватияның "Драговоляц” командаларында ойнап, техникалық шеберлігін шыңдаған.

Матео Итрак Грузия біріншілігіне 2025 жылдың көктемінде келді. "Торпедо” сапында 26 кездесу өткізіп, команданың орталық шебіндегі негізгі тұлғалардың біріне айналды. 

25 жас — футболшының нағыз кемелденген және физикалық күш-қуаты толысқан шағы.

Грузия чемпионаты мен Қазақстан лигасының деңгейі мен стилі ұқсас болғандықтан, Итракқа ҚПЛ-ге бейімделу қиынға соқпаyы мүмкін.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×