ҚФФ Контрольдік-тәртіптік және этикалық комитеті Премьер лига клубтарына қатысты қатаң шешімдер қабылдады. "Астана" мен "Қызылжар" тәртіп бұзғаны үшін жазаланды.
Елордалық клуб 60 айлық есептік көрсеткіш (235 920 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұл жазаның себебі — 12 турда "Оқжетпеспен" өткен матч кезінде "Астананың” қонақтар бөлмесіне бөтен адамдардың кіруі. Бұл әрекет чемпионат регламентіне тікелей қайшы келеді. Клуб айыппұлды 7 қарашаға дейін өтеуі тиіс.
Петропавлдық "Қызылжардың" жағдайы әлдеқайда күрделі. Клуб ҚФФ-мен ынтымақтасудан бас тартқаны және қызметтік тергеуге кедергі келтіргені үшін 100 АЕК (393 200 теңге) айыппұлмен жазаланды.
Комитет клубты Федерацияның қауіпсіздік қызметімен толық ынтымақтасуға міндеттеді. Бұл — ойыншылар мен бапкерлерден жауап алу, қажетті құжаттар мен материалдарды ұсыну сияқты шараларды қамтиды.
Егер "Қызылжар" бұл талаптарды орындаудан бас тартса, комитет одан да қатаң жаза қолдануы мүмкін. Мысалы: