"ВД Строй-Инжиниринг" құрылыс холдингі елордалық "Астананы" алуға жақын, деп хабарлайды Aladop.kz.
AmanVibe мәләметінше, сатып алушы қазірдің өзінде футбол клубына толық аудиторлық тексеру жүргізіп жатыр. Бұл – келісімшарттың дайындық кезеңі басталғанының айқын белгісі.
2004 жылы іргесі қаланған бұл холдинг Қазақстандағы ірі инфрақұрылымдық жобаларымен танымал. Олардың қоржынында:
– Қызылордадағы заманауи стадион
– Астана мен Түркістандағы ипподромдар
– Алматыдағы аты аңызға айналған "Медеу” мұзайдынын қайта жөндеу
– Алматыдағы жаңа футбол аренасының құрылысы т.с.с бар.
2025 жылдың желтоқсанынан бастап "ВД Строй-Инжиниринг" ЖШС-нің бақылау кеңесін Еркін Оқасов басқарып келеді. Оның есімі спорт сүйер қауымға жақсы таныс, себебі ол Қазақстан күрес федерациясының президенті қызметін де қатар атқаруда.