ҚПЛ клубының бапкері жұмысынан қуылмақ - Бұл Костов емес

23.03.2026, 21:57

"Тобыл" бапкері Нұрбол Жұмасқалиев орнын босатуға жақын, деп хабарлайды Aladop.kz.

ҚПЛ клубының бапкері жұмысынан қуылмақ - Бұл Костов емес

Премьер лиганың алғашқы үш турында небәрі бір ұпай еншілеген “Тобыл" турнирлік кестенің ең соңғы сатысында тұр. Бұл жағдай клуб басшылығын шұғыл шешім қабылдауға мәжбүр еткен көрінеді.

ASnews.kz сайтының хабарлауынша, Қазақстандық бапкер Нұрбол Жұмасқалиев жақын арада қызметінен босатылады. Клуб аңызы саналатын маманның басшылығымен өткен алғашқы ойындар күткендегідей нәтиже бермегендіктен, басшылық бапкерді ауыстыруды жөн көрген.

Қазіргі уақытта Қостанай клубы жаңа бапкер іздестіру жұмыстарын бастап кеткен екен. Әзірге нақты есімдер аталмағанымен, келесі мәліметтер белгілі.

Клуб басшылығы тізгінді шетелдік тәжірибелі маманға сеніп тапсыруды көздеп отыр. Жаңа стратегияны іске асыра алатын үміткерлерді қарастыру кезеңі басталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×